Білім және инновациялық технологиялар бөлімінің ғылым секторы «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ында ғылыми – зерттеу қызметтерін басқару үшін құрылған. Өз қызметінде сектор Қазақстан Республикасының қызмет атқарушы заңдарымен, нормативтік – құқықтық актілерімен және жоспарлау мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдармен, ғылыми зерттеулер және жобаларды қаржыландырумен, сонымен қатар ғылыми - техникалық құжаттарды және ғылыми өнімдерді ресімдеудің қызмет атқарушы талаптарына жетекшілік етеді.
Қызметтерінің негізгі бағыттары:
• аурудың алдын алу, емдеу және диагностикалауда инновациялық әдістерді жетілдіру саласында басым ғылыми бағыттарды дамыту және қалыптастыру;
• өзара байланысты ғылыми бағыттарды дамыту;
• әлемдік медициналық ғылыммен бірлесу, халықаралық жобаларға қатысу;
• ғылыми қызметтерді басқаруда халықаралық стандарттарды енгізу;
• ғылыми менеджмент бойынша ғылыми кадрларды дайындау.
2012 жылы «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ ғылыми не/немесе ғылыми – техникалық қызметтер субъектісі ретінде аккредиттеуден өтті. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңының 23 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен аккредиттеуден өту туралы куәлік берілді. Бұл куәлік Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен ғылыми не/немесе ғылыми – техникалық конкурстарға қатысу үшін беріледі. Қазіргі уақытта орталықта 30 доктор және ғылым кандидаттары қызмет атқаруда. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау ережеге сәйкес Орталықтың басым бағыттарына қатысты жүзеге асырылады. Конкурс нәтижесі бойынша 2013 – 2015 жылдары ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға, Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен «Метаболикалық синдромы бар әйелдердің репродуктивті денсаулығы» тақырыбындағы ғылыми – техникалық жоба грантық қаржыландыруға мақұлданды.
Аталған жобаны жүзеге асыру бойынша 2013 жылы келесі міндеттер орындалды:
1.Метаболикалық синдромы бар пациенттердің метоболикалық, биометриялық жас ерекшелік динамикалары зерттелді.
2. Адипокиндер (резистин және адипонектин) және инсулинге пезистентік көрсеткіштерінің деңгейлік байланыстарына зерттеу.
Зерттеу нәтижесінде:
-Қан сарсуындағы резистин және адипокин, антимюллер гормонын анықтау әдісі енгізілді.
-Пациенттерге «Салмақты түзету мектебі» ұйымдастырылды.
-«Репродуктивті жастағы әйелдердің метаболикалық синдромдары» әдістемелік нұсқаулығы жетілдірілді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бекіту кезеңінде.
-Зерттеу нәтижелері бойынша 5 мақала баспа бетінде жарияланды.
2013 жылғы ғылыми – техникалық жобаны жүзеге асыру бойынша аңдатпалық есепте Мемлекеттік ғылыми – техникалық сараптау (МҒТС) қорытындысы бойынша 24 балға ие болды (максималды балл – 27). Зертеудің келесі кезеңдерін жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, «РДО» АҚ ғылыми қызметкерлерімен 6 ғылыми – техникалық жоба жетілдірілді және оларда өз кезегінде мемлекеттік ғылыми – техникалық сараптау қорытындысы бойынша жоғары балға ие болды:
1.Қазақстан Республикасындағы аллергиялық аурулардың әлеуметтік – медициналық факторлары.
2. Бірінші және екінші деңгейлі иммунитет тапшылығы бар пациенттердің аллергиялық синдромдарының ерекшеліктері.
3. Арооксидантты және антиоксидантты үйлесімсіздік кезіндегі патогенетикалық негіздеме және темір жетіспеушілік қан аздық кезіндегі аутоиммунды тиреоидит және гипотиреозом.
4. Еркекбезі обыры және сүт бездерінің обыры кезінде 18F-NaF и 18F-FDG коктейлдерін пайдалана отырып сүйек метастаздарына радиоизотопты диагностика.
5. Колоректальды обыр және еркекбезі обыры, өкпе обыры, сүт бездерінің обыры кезіндегі науқастарды обырға қарсы емдеудің тиімділігіне бақылау және айналымдағы обыр жасушаларының выборетаргетті терапиясына цитологиялық молекулярлық анализ жасаудың жаңа стратегиялық қатынасқа халықаралық келешекті клиникалық сынақ.
6. Пародонтитке минималды инвазиялық терапияға клиника – микробиологиялық баға.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, онкологиялық қызмет бағыттарының негізгі бір бағыты әлеуметтік – маңызды негізгі ядролық медицинаны енгізу арқылы диагностикалау мен емдеу жүргізуге бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында позитронды – эмиссионды томографқа қажетті препараттың жалғыз өндірушісі «РДО» АҚ болып отыр. Ядролық медицинаны одан әрі дамыту және жақсарту мақсатында радиоизотопты диагностика бөлімінің қызметкерлері «Назарбаев Университеті» ДББҰ Өмір туралы ғылым орталығымен бірлесе отырып, келесі ғылыми – техникалық жоба қызметіне қатысуда:
1.«ПЭТ/КТ зерттеулері кезінде асқынған және қатерлі аурулардың дифференциалды диагностикасын жүргізу үшін «18-фтордезоксиглюкоза» радиофармацевтикалық дәрі – дәрмегімен лейкоциттерді таңбалау технологияларын жетілдіру» (2012 – 2014 жылдар).
Орталық қызметкерлері медициналық көмек сапасын жақсарту үшін медицинаның түрлі саласындағы мамандармен өзара қарым – қатынаста қызмет атқарады, 17 қызметкер халықаралық деңгейдегі және 18 қызметкер республикалық деңгейдегі әр түрлі кәсіби Қауымдастықтардың мүшелері. Ғылыми – практикалық ақпараттармен алмасу, фармацевтикалық және медициналық ғылымдардың келешегін анықтауда, құрастыру мәселелерінде, денсаулықты сақтау және қорғау мақсатында Орталық қызметкерлері әрдайым ғылыми, ғылыми – практикалық конференцияларға қатысады. Былтырғы жылы орталықтың 30 шақты қызметкері халықаралық және республикалық форумдарға қатысты. «РДО» АҚ бірден бір стратегиялық бағыттарының бірі жаңа және инновациялық диагностикалық және емдеу технологияларын енгізу. Аталған қыр бойынша соңғы жылдары келесі инновациялық технологиялар енгізілді:
1.Бауыр, ми, қалқанша без, бүйрек, сүйек, жүрек ауруларын диагностикалаудағы бірфотонды эмиссионды компьютерлік томографиясы.
2. Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтаудағы позитронды – эмиссионды томография/компьютерлік томография.
3. Еркекбезі обырының брахитерапиясы.
4. Магниттік – резонансты томография (МР трактография).
5. Көкірекортасының көлемді процестері кезіндегі кереғар МР – ангиографиямен қатар магниттік – резонансты томография.
6.Бас миы ісігі кезіндегі диффузды – тензорлы магниттік – резонансты томография.
7.Виртуальды колоноскопия.
8. Сүт безі обыры кезіндегі лимфа түйіндеріне бірфотонды эмиссионды компьютерлік томографиямен диагностика жүргізу.
9. Атеросклерозды инвазиялық емес жолмен анықтау.
10. Аллергияны бақылау және клиникалық диагностикалау үшін тест жүйесі.
11.Бас миына БФЭКТ зерттеулерін жүргізу кезінде фармакологиялық сынамаларын енгізу (транзиторлық ишемиялық шабуылды диагностикалау мақсатында (ТИШ), бүйрек (вазоренальды гипертонияны диагностикалау мақсатында несеп шығару жолдарындағы кедергілерге дифференциалды диагностикасы).
12. Бүйректің динамикалық сцинтигрофиясы кезіндегі шумақшалық фильтрлеудің жылдамдығын (ШФЖ) анықтау әдісін меңгеру.
13. Триптаза деңгейін анықтау арқылы дәрі – дәрмекке шыдамсыздыққа диагностикалау жүргізу.
Келесі технологияларды енгізудің бірінші кезеңі аяқталды:
14. Na18F радиофармацевтикалық дәрі – дәрмегін практикаға енгізу және өндіру.
15. «Еркекбезі обыры және сүт бездерінің обыры кезінде 18F-NaF и 18F-FDG коктейлдерін пайдалана отырып сүйек метастаздарына радиоизотопты диагностикасы».
«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ этика мәселесі жөніндегі комиссиясы.
Ақпарат
Инновациялық қызметтер
Нормативтік құқықтық актілер
Барлық сұрақтар бойынша «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ының білім және инновациялық технологиялар бөліміне хабарласыңыздар
тел.: 8 (71 72) 70 - 20 - 77, 8 (71 72) 50 - 80 - 56
Хаттарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
электронды поштасына жібере аласыздар.