Республикалық диагностикалық орталық Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған және 2008 жылдың 6 мамырындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 421 қаулысына сәйкес құрылған инвестициялық жоба.
Орталықтың әлеуеттілігі ауысымына 500 емделуші.
Орталық (әлемдік көшбасшы – өндіруші елдер Еуропа, АҚШ, Жапония) халықаралық стандарттарға сәйкес жаңашыл диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған.
Орталықта алыс және жақын шетелдердің жетекші клиникаларында оқыған, медицинаның әр саласы бойынша жоғарғы кәсіби білікті мамандар қызмет атқарады.
Орталық қызметкерлерінің құрамы – 500 қызметкерден жоғары, олардың: 135 – дәрігер (санаттылық деңгейлері – 71 %), 139 – орташа медициналық қызметкер (санаттылық деңгейлері – 74 %), 39 – кіші медициналық қызметкерлер.
Медициналық блоктың құрамында 5 орталық: консультациялық орталық, диагностикалау орталығы, стационарды алмастыру көмегі орталығы, зертханалық медицина орталығы, алғашқы медицина – санитарлық көмек көрсету орталығы.
Клинкалық бөлімдердің қызметтерін үйлестіру медициналық директормен жүзеге асырылады. Орталықта тексеріп – қараулар: