• Русский (RU)
  • English (UK)

Гинекология және маммология бөлімі

GAL 3525

      Гинекологиялық ауруларды алдын алу және ерте сатыда анықтау – заманауи гинекологияның аса маңызды қыры. Біздің Орталығымыздың гинекология және маммология бөлімі гинекология, маммология және онкология саласында диагностиканың ерекше әдістерін қолданумен халыққа арнайы мамандандырылған көмек көрсетеді.

1 185 20
    Заманауи гинекологиялық қондырғылар және қазіргі заманауи медициналық технологиялар, ең жоғары кәсіби дәрежелі гинеколог дәрігерлердің үлкен тәжірибесі аса күрделі гинекологиялық ауруларды дәл анықтап, сәтті ем шараларын қолдануға мүмкіндік береді. Жас өспірімдердің гинекологиялық аурулары, ішкі жыныс мүшелерінің қатерлі ісік алдындағы аурулары, әйел жыныс жүйесінің қатерлі жаңа түзілістері мәселелеріне – ерте сатыда ісіктерді анықтау көмектерін көрсетеміз.

                                                                                       Қызмет көрсету аясы:
• Келесі аурулардың диагностикасы:
- жатырдың, аналық безінің созылмалы және өткір қабыну аурулары, жатыр мойнының патологиялары (эрозия, бүркеме эрозия, дисплазиялар);
- сыртқы жыныс жүйесінің патологиясы (крауроз, сарпай лейкоплакиясы);
- әртүрлі этиологиялық сыртық жыныс мүшелерінің түзілістері (бартолиниттер, сарысу немесе ірің кернеген ісік);
- алғашқы және екінші сатыдағы бедеулік, жыныс мүшелерінің эндометриозы, әртүрлі жас кезеңінде овариальды – етеккір циклінің ауытқулары;
- жатыр миомасы;
- аналық без түзілістері (сарысу немесе ірің кернеген ісік, поликистоз);
- кіші жамбастың жабысу үрдістері;
- сүт бездерінің патологиясы: мастопатия, сүт бездерінің фиоброаденомасы.
• Қатерлі ісік алды ауруларында көмек көрсету:
- Қатерлі жаңа түзілістер (ерте сатыда ісікті анықтау);
- - жүргізілген емдеу тиімділігін бағалау және сәулелі, ядролық зерттеу әдістерін қолданумен қандай да локализациядағы қатерлі ісікке қарсы кешенді емдеу алған науқастарда аурудың қайталануын және ұзақ уақыттан кейін пайда болған метастаздарды анықтау;
• Әртүрлі патологиямен науқастарға емдеу және диагностикалық стационар орнын ауыстыратын көмек көрсету:
    Диагностикалық және емдік манипуляциялар жүргізіледі: биопсия және көрінетін локализациялағы көлемді түзілістерді жою (қынап, сыртқы жыныс жүйелері, сүт бездері), жатыр мойнының конизациясы мен диатермокоагуляциясы, ультрадыбыс қолданумен жатыр мойнының эрозиясын емдеу, гистологиялық зерттеуге материал алумен гистероскопия, гистеросальпингография;

                                                                                       Біздің дәрігерлер:

Дигай  Людмила  Конcтантиновна
Мамология және гинекология бөлімінің жоғары білікті санатты  гинеколог, онколог дәрігері 
Шетелдерде оқып/ біліктілік көтеруден өткен
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
«ҚР Денсаулық сақтау үздігі» құрметті төс белгісінің иегері
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: орыс тілі, ағылшын тілі

  


Серикбаева Лариса Борисовна
Мамология және гинекология бөлімінің жоғары білікті санатты  гинеколог дәрігері 
Шетелдерде оқып/ біліктілік көтеруден өткен
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
«ҚР Денсаулық сақтау үздігі» құрметті төс белгісінің иегері
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

 


Айдосова Айгуль Аллаярбековна
Мамология және гинекология бөлімінің жоғары білікті санатты  гинеколог  дәрігері 
Шетелдерде оқып/ біліктілік көтеруден өткен
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

 


Козгамбаева Гульшат Токкожаевна
Мамология және гинекология бөлімінің екінші  білікті санатты  гинеколог, онколог дәрігері 
Тәлімгердің бақылауымен әрекет етуге құзырлы
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

 

 


Сайдахметов Ардак Сырымович 
Мамология және гинекология бөлімінің жоғары білікті санатты  гинеколог, онколог дәрігері 
Шетелдерде оқып/ біліктілік көтеруден өткен
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
«ҚР Денсаулық сақтау үздігі» құрметті төс белгісінің иегері
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

 

 

 

 

Кері қайту

 

               nmh           nrcmc           rdrc           rncn                nncc