• Русский (RU)
  • English (UK)

Оториноларингология бөлімі

     70

     Оториноларингология бөлімінде заманауи техника қолданумен алуан түрлі ЛОР-аурулар кезінде ересектер мен жаңа туған нәрестелерден бастап балаларға диагностикалық және консультациялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Біздің дәрігерлер заманауи медициналық ғылымның ең соңғы технологияларын меңгерген, сонымен қатар алыс және жақын шетелдердің жетекші емханаларында білім алып үнемі біліктіліктерін көтеру курстарынан өтеді. Өзіміздің жұмысымызда тек көп жылдық жұмыс тәжірибесін қолданумен қатар жаңа әдістемелерді қолданамыз.
     Оториноларингология бөлімі ЛОР-патологиямен науқастарды консервативті және хирургиялық емдеу және кешенді тексеруге қажетті барлық жағдайға ие.

1 52 13
     Бөлім жұмысы екі бағытта жүргізіледі: жалпы оториноларингология мен сурдология.
Заманауи қондырғы мен диагностиканың ерекше әдістемелері мүмкіндіктерінің арқасында ересектер мен жаңа туған нәрестелерден бастап балаларда есту қабілетінің толық диагностикасын жүргіземіз.          

Сонымен қатар, біздің бөлімде есту қабілетін жақсартатын оталар, кохлеарлық имплантация, ортаңғы құлаққа импланттар орнатуға ота жасауға науқастарды іріктеу жүргізіледі.

Қызмет көрсету аясы:


• гаймор қуысының пункциясы;
• пройц бойынша гаймор қуысын жуып-шаю;
• политцер бойынша евстахиев түтігін үрлеу;
• евстахиев түтігін катетерлеу;
• мұрын, тамақ, құлақ, көмейден бөгде текті денені алу;
• күкірт тығынын алу;
• ЛОР мүшелердің шиқанын ашу;
• невралгия кезінде жүйкенің блокадасы;
• дәрілік заттардың инстилляциясы;
• мұрынның алдыңғы тампонадасы;
• мұрынның артқы тампонадасы:
• дәрілік заттарды көмейішілік құю;
• ортаңғы құлақ қуысын жуып-шаю (соның ішінде Аттика) және оларға дәрілік заттарды енгізу;
• таңдай бадамшаларының қуыстарын жуып-шаю (қолмен және Тонзиллор аппаратымен);
• риноцитограммаға мұрын шырыштысынан жағынды алу;
• маңдай қойнауының пункциясы;
• гистологиялық зерттеуге ЛОР мүшелерінен биопсия;
• мұрын қуысында қансыраған бөлікті күйдіру;
• мұрын сүйектерінің репозициясы;
• ЛОР мүшелерін эндоскопиялық тексеру;
• жарақаттарды біріншілік хирургиялық өңдеу;
• дабыл жарғағының полиптері мен грануляциясын алып тастау;
• мұрыннан қан кету кезінде мұрын қабырғасының шырышты қабығын қабаттандыру;
• импеданстық аудиометрия;
• аудиометрия;
• микроспоппен құлақ ревизиясын жүргізу.


 

Біздің дәрігерлер:

Досанова Алла Михайловна

Оториноларингология бөлімінің бірінші білікті санатты оториноларинголог дәрігері
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
«ҚР Денсаулық сақтау үздігі» құрметті төс белгісінің иегері
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: орыс тілі

 


Иванова Надежда Анатольевна

Оториноларингология бөлімінің бірінші білікті санатты оториноларинголог дәрігері
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: орыс тілі

 

 


Адилханова Улбала Маратовна

Жоғары білікті санатты оториноларинголог дәрігер
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

 

 


Галиева Айжан Бериккановна

Оториноларингология бөлімінің жоғары білікті санатты сурдолог дәрігер
Шетелдерде оқып/ біліктілік көтеруден өткен
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Кері қайту

 

               nmh           nrcmc           rdrc           rncn                nncc