Гастроэнтерология және гепатология бөлімі асқазан, ішек, бауыр және асқазан асты безін емдеу бойынша кешенді клиникалық қызметтер көрсетеді. Бөлім маманданған қызметінің біріне гепатологиялық аурулардың диагностикасы, соның ішінде, В және С гепатитін, бауыр циррозын анықтау жатады.
Біз сапаның ең жоғары стандартын ұсынамыз, ең жетік медициналық құралдар мен гастроэнтерология саласындағы озық тәжірибелі мамандарды мақтаныш етеміз.
Бөлімнің медициналық қызметкерлері кешенді және жеке әдіске ең жоғары деңгейде науқастарды күту бойынша қызметтер мен медициналық қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар, аурулардың диагностикасы заманауи биохимиялық, иммунды-ферменттік анализаторлар, ПТР (полимераздық-тізбекті реакция - ең дәл әрі заманауи анализдердің бірі), эндоскопиялық және ультрадыбыстық аппаратураларды , сонымен қатар компьютерлік және магниттік – резонанстық томографияны қолданумен жүргізіледі.
Қызмет көрсету аясы:
Келесі аурулардың диагностикасы мен емдеу жүргізу:
• өңеш аурулары: ГЭРБ, Баррет өңеші, кардия ахалазиясы, диафрагманың өңеш қуысының жарығы;
• созылмалы гастрит, әртүрлі этиологиялық дуоденит, функционалдық диспепсия;
• асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы;
• созылмалы гепатит: В, С, Д вирустық гепатиттер, алкогольды гепатит, аутоиммундық гепатит, дәрі-дәрмекті гепатит;
• бауыр стеатозы, алкогольды емес стеатогепатит;
• жинақтау аурулары: Вильсон-Коновалов аурулары, гемохроматоз;
• қатерлі емес гипербилирубинемиялар: Жильбер және Криглер-Найара, Дабин-Джонсон синдромдары және т.б.;
• біріншілік склероздаушы холангит, бактериялық холангит, біріншілік билиарлық бауыр циррозы;
• компенсация мен субкомпенсация сатысындағы әртүрлі этиологиялық бауыр циррозы;
• өт шығару жолдарының аурулары: өт көпіршегінің дисфункциялары мен Одди сфинктері, созылмалы холецистит, өт-тас аурулары, постхолецистоэктомиялық синдром;
• өт шығару жолдарының паразит аурулары;
• асқазан асты бездерінің аурулары;
• ішектің қабыну және функционалдық аурулары: ойық колит, Крон аурулары, созылмалы колиттер, жара болған ішек синдромы.
Аурулардың диагностикасы заманауи биохимиялық, иммунды-ферменттік анализатор, ПТР, эндоскопиялық және ультрадыбыстық аппаратура, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография арқылы жүргізіледі. Емдеу амбулаторлық және күндізгі стационар жағдайында жүргізіледі. Сонымен қатар, гастроэнтерология мен гепатология бөлімінде науқастарды іріктеу мен бауыр трансплантациясы бойынша күту парағын қалыптастыру, сонымен қатар, отадан кейінгі кезеңде науқастарды күту бойынша консультациялық қызметтер жүргізіледі.
Біздің дәрігерлер:
Бимбетов Бакытжан Рыскулович
Гепатология және гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі, терапевт дәрігер
Гепатология және гастроэнтерология бөлімінің жоғары санатты гастроэнтеролог дәрігері
Медицина ғылымдарының докторы
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
«ҚР Денсаулық сақтау үздігі» құрметті төс белгісінің иегері
Шетелдерде оқыған/ біліктілік көтеруден өткен
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
Каденова Жанар Кабиденовна
Гепатология және гастроэнтерология бөлімінің жоғары санатты гастроэнтеролог дәрігері
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
Ғылыми басылымдар/жарияланымдардың авторы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі
Турлибекова Закия Ермековна
Гепатология және гастроэнтерология бөлімінің балалар гастроэнтеролог дәрігері
Медицина ғылымдарының кандидаты
Өз бетімен толықтай әрекет етуге құзырлы
Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі