Эндокриндік ауруларды емдеудегі алғашқы кезең тек ауруды ғана емес, сондай-ақ оның шығу себебін анықтау мақсатымен ағзаны толық тексеру және диагностикалау болып табылады. Біздің Орталығымыздың эндокринология бөлімінде барлық эндокриндік патологияларды анықтау және емдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, диагностика мен емдеуде барлық жаңа ғылыми зерттемелерді қолдана отырып, бөлімнің қызмет көрсету аясы үнемі кеңеюде. Біздің Орталығымыздың жоғары кәсіби білікті дәрігерлері эндокриндік аурулардың диагностикасында ең алдыңғы қатарлы технологиялар мен осы саладағы ең соңғы ғылыми зерттемелерді қолданады. Диагноз, ауру сатысы мен емдеудің ең тиімді әдісін таңдау туралы толық сипат алу үшін анализдер мен тексерудің толық спектрі жүргізіледі.
Қызмет көрсету аясы:
Диагностика және емдеу:
• 1 және 2 тұрпатты қант диабеті;
• қалқанша және паратиреоидтік бездердің, бүйрек үсті бездерінің ауруларын;
• гипофиздің гормондық белсенді ісіктерін;
• әртүрлі жас кезеңдерінде овариальды-етеккір циклдерінің бұзылуын;
• семіздік.
Біздің дәрігерлер:
А.К. Дурманова – эндокринология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты эндокринолог дәрігер. Еңбек өтілі 17 жыл.
Ш.К. Такенова - балалар эндокринолог дәрігері. Еңбек өтілі 41 жыл.
Г.Ш. Темиргалиева– эндокринолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты эндокринолог дәрігер. Еңбек өтілі 27 жыл.
Ж.К. Салыкбаева - эндокринолог дәрігер, жоғары санатқа ие. Еңбек өтілі 23 жыл.
Ж.М. Тажигулова - эндокринолог дәрігер, жоғары санатқа ие. Еңбек өтілі 23 жыл.