«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ы бүгінгі күні Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдерінің амбулаториялық ұйымдарының арасында бірінші рет және жалғыз өзі JCI стандарттарының сапа және қауіпсіздік критерилеріне сәйкесті болу міндетін мойнына алды.
JCI аккредиттеуі – денсаулық сақтау саласындағы ерекше объективті және айтулы беделі бар халықаралық сертификаттау, бұл халықаралық деңгейдегі медициналық және әкімшілік стандарттармен медициналық ұйым мекемесіне сәйкестілікті растаудың «алтын стандарты» болып саналады.
Joint Commission International – бұл американдық The Joint Commission ұйымының халықаралық қанаттас ұйымы және АҚШ – да 75 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді өз кезегінде медициналық ұйымдарда емделушілердің қауіпсіздігі және қызмет көрсету сапасын жақсартуды дамытумен айналысады.
Қазіргі таңда JCI ұйымдары әлемнің 39 елінде қызмет атқарады, солардың ішінде Еуропа (Ирландия, Испания, Дания, Италия және т.б.), Оңтүстік Америка (Бразилия) Қиыр (Үндістан,Қытай, Сингапур және т.б.) және Таяу Шығыс (Израиль, Египет, Иордания, Біріккен Араб Эмираты елдері және т.б.). Бүгінгі күнге дейін қауіпсіздік және сапа сертификатын 300 денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және жеке ұйымдар алған.
JCI міндеті – әлемдік кеңістікте оқытуды ұсыну арқылы медициналық күтім мен қауіпсіздікті, консультациялық қызмет түрлерін үздіксіз жақсартуда халықаралық аккредиттеуді және сертификаттауды жүргізу. Ауруханалық қауіпсіздікті және сапа стандарттарымен қамтамасыз етудегі ортақ ұстанымдар кез келген медициналық үрдістегі қауіп деңгейін төмендетудің кепілі болып саналады.
Joint Commission International бір мақсатқа жетуге тоғыстырылған, көмек көрсетуде ең жоғарғы деңгейдегі қауіпсіздік және сапамен қамтамасыз ету.
«РДО» АҚ 2012 жылы сарапшылармен алғашқы аккредиттеу жүргізілді. Қазіргі уақытта сынақнамалық аккредиттеуге дайындық жұмыстары атқарылуда. JCI халықаралық сертификатын алу 2014 жылға жоспарланып отыр.
Біз ұсынылып отырған қызметтер және медициналық қызмет түрлерін әрқашан жақсартып отыруды өз міндетіміз деп санаймыз. Біз бәсекелестікке төтеп бере алатын медициналық ұйымның жетістігінің негіздері осында екендігіне сенімдіміз.