«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ымен «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтерді төлеу Комитеті» МК арасында кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем көлемі аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге қатысты Шарт жасалған. Шарт келесі медициналық жәрдем 276 159 қызмет көлеміне жасалған:
• 275 175 медициналық қызмет – консультациялық – диагностикалық көмек;
• Стационарды алмастыру көмегінде емделген жайттар саны – 984.
«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ына кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем аясында консультациялық – диагностикалық көмек алуға емделушілерді бағыттау Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ына (бұдан әрі – «РДО» АҚ) консультациялық – диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) алуға емделушілерді бағыттау Ережесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 «Кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем көлемі тізімін бекіту туралы» және 2011 жылғы 24 қарашадағы № 1374 «Консультациялық – диагностикалық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» Қаулыларын жүзеге асыруда кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем көлемі аясында тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын жақсарту мақсатында жетілдірілген.
2. Консультациялық – диагностикалық көмек көрсету тәртібі. Емделушілерді республикалық деңгейде КДК алуға бағыттау облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен құрылып және олардың жанында қызмет атқарушы аумақтық Комиссиялармен, ал Астана және Алматы қалаларынан медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармаларында және Астана және Алматы қалаларының медициналық ұйымдарында:
- республикалық деңгейде консультациялық – диагностикалық көмек көрсетуге жолданым беруді ұйымдастыруға, үйлестіруге жауапты Комиссия Төрағасы тағайындалады;
- Комиссия «РДО» АҚ – ында тексеріп – қараудан өтуді қажет етуші емделушілерді іріктейді.
«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ына емделушілер консультациялық – диагностикалық көмек алуға тек негізгі диагнозбен ғана жолданады.
Бір емделушіге бір нысандағы жолданым консультацияға немесе зерттеу нысаны ресімделеді.
Емделушілерді жолдауда келесі жайттарды ұстану қажет.
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 1374 «Консультациялық – диагносткалық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» Қаулысы;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 «Емханалық – амбулаториялық көмек көрсетуші денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін бекіту Ережесі туралы» бұйрығы;
3. «РДО» АҚ – ына жолданған емделушілердің өздерімен бірге келесі құжаттары болулары қажет:
3.1. жеке басын растаушы түпнұсқа немесе нотариалдық бекітілген құжаттар: жеке куәлік, төлқұжат, әскери билет, зейнетақы куәлігі;
3.2. маман кеңесіне немесе диагностикалық зерттеуге бекітілген нұсқаға сәйкес, бағыттаушы медициналық ұйымның мөрімен және мөртабанымен, КДК алуға бағыттаушы комиссия төрағасының немесе жетекшінің, емдеуші дәрігердің қолымен бекітілген дұрыс толтырылған жолданымы.
Жолданымда міндетті түрде келесі тәртіппен берілген мәліметтер болуы қажет:
- аты, жөні, тегі, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, жолдану мерзімі;
- алдын ала (бір негізгі) диагноз;
- жолданым нысанында емделуші консультацияға жолданған маманның бейіні көрсетіледі;
- зерттеуге жолданым нысанының төменгі жағына берілген зерттеулердің біреуін көрсету;
- емделуші қандай маманға, қандай зерттеу түріне жолданған.
3.3. жүргізілген емдеу және тексеріп – қарау, ауру динамикасы сипатталған емделушінің амбулаториялық картасынан/ауру тарихынан көшірме.
3.4. Төменде көрсетілген тізімге сәйкес КТМЖК және КДК деңгейінде диагностикалау және жүйелі емдеу хаттамаларына байланысты жолданым беруші нозология бойынша міндетті тексеріп – қараулардың нәтижелері:
- қанның лейкоформауласымен жалпы анализі;
- несептің жалпы анализі;
- биохимиялық зерттеулер (АЛАТ, АСАТ, билирубин, тимолдар сынамасы, жалпы ақуыз, несепнәр, холестерин, триглицерттер);
• - ішек құртына нәжіс, копроскопия;
- тазалық деңгейіне жағынды;
- микрореакция;
- электрокардиография;
- қалқанша без, құрсақ қуысының және бүйректің ультрадыбыстық зерттеулері;
- кеуде қуысының флюорографиясы (16 жастан бастап).
3.5. 3 жасқа дейінгі балаларға МРТ жасалғаннан кейін стационарға жатқызылып 1 – 2 күн бойына динамикалық жағдайына бақылау жасау үшін келесі құжаттар қажет:
- эпидорта туралы анықтама (жарамдылықмерзімі 3 күнге дейін);
- анализдер;
Балаға:
- қанның жалпы анализі;
- несептің жалпы анализі;
- АЛТ, АСТ биохимиялық анализі;
- ішек құртына нәжіс;
- бір жасқа дейінгі балаларға патологиялық флорасына нәжіс;
- электрокардиография.
Анасына:
- патологиялық флораға нәжіс анализі;
- кеуде қуысының флюорографиясы;
- микрореакция.
Барлық анализдер 10 күнге жарамды
4. Келесі зерттеулерге жолдағанда: компьютерлік томография (КТ), магнитті резонансты томография (МРТ), бірфотонды эмиссионды компьютерлік томография ұтымдылықтар және қайшылықтарды қатаң ұстану.
5. Осы Ережеге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізіле алады.
Кері қайту