• Русский (RU)
  • English (UK)
  • VTEM Image Show
  • VTEM Image Show
  • VTEM Image Show
  • VTEM Image Show
  • VTEM Image Show
  • VTEM Image Show
  • VTEM Image Show
  • VTEM Image Show
  • VTEM Image Show
Құрметті емделушілер! Сізге және Сіздіңжақындарыңызға «Check-up – бір күн ішінде диагностикалау» кешенді медициналықтексеріп – қарау бағдарламасынан өту мүмкіндігін ұсынамыз! Біз ағзаның түрліоргандарына және жүйелеріне check up тексеріп – қарау жүргіземіз. Сheck upтексеріп – қараудың кез келген түріненбір күн ішінде кезексіз өте аласыз. Сіздер call-орталығының +7 (7172) 70 20 70,70 15 50, 70 15 70 телефондары арқылы қажетті ақпараттардыала аласыздар.



ҚҰРМЕТТІ САЙТ ҚОНАҚТАРЫ!

    Республикалық диагностикалық орталық бүгінгі күнгі әлемдік деңгейдегі бірден бір үздік диагностикалық орталық болып отыр. Республикалық диагностикалық орталық Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған және 2008 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 421 қаулысына сәйкес құрылған инвестициялық жоба. 

   Орталық әлемдік көшбасшы Еуропа, АҚШ, Жапония елдерінің эксклюзивті жаңашыл диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған. Қазақстанда және Орталық Азияда тұңғыш рет ядролық медицина әдістерінің позитронды – эмиссионды томографы және бірфотонды эмиссионды компьютерлік томографтарының көмегімен зерттеулер жүргізіледі.
   Біз 58 медициналық қызмет түрі бойынша қызмет көрсетуге, 30 дәрігерлік мамандықтар бойынша консультация жүргізуге, 600 күрделі зертханалық зерттеу түрлерін атқару мүмкіндіктеріне иеміз. Орталықта өздерінің кәсіби дағдыларын жете меңгерген, медицинаның әр саласы бойынша жоғарғы кәсіби білікті мамандар қызмет атқарады.
    «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ Қазақстан экономикасының үздік – кәсіпорындары, ТМД және Кеден кеңесі Қазақстанның экономикасына және денсаулық сақтаудың дамуына, өндірістік қызметтерде жоғары стандарттарға жету, әлеуметтік қорғаныс және алдыңғы технологияларды енгізуге айтулы үлес қосқан Ұлттық бизнес – рейтингінің қорытындысы бойынша «2013 жылғы Қазақстанның үздігі» беделді бәйгесінің иегері болып отыр.

  Республикалық диагностикалық орталық – бұл:

  • көп салалы медициналық орталық;
  • алыс және жақын шетелдердің жетекші клиникаларында оқыған, жоғары мамандандырылған мамандар;
  • заманауи жоғарғы технологиялық жабдықтар;
  • әлемдік стандарттарға сәйкес сапалы диагностикалау;
  • диагностикалаудың инновациялық әдістері және жетекші медициналық технологиялар;
  • көп сатылы сапаны бақылау жүйесі: ішкі және сыртқы (шетелдік сарапшыларды қатыстыра отырып);
  • әрбір пациентке кешенді жеке қарым – қатынас;
  • пациент қауіпсіздігі халықаралық стандарттарын тиімді енгізу;
  • кең ауқымды медициналық қызмет спектрін алуға қол жетімділік;
  • ауруларды ерте кезеңде нақты анықтау.

      Біздің негізгі ұстанымыз – қызметкерлердің кәсіпқойлылықтары, ең жақсы медициналық жабдық, пациенттерге амбулаториялық көмек көрсету үшін жеке қарым – қатынастар және жоғары деңгейдегі жағдайлар.

 

 

 

               nmh           nrcmc           rdrc           rncn           rncnmp           nncc