• Русский (RU)
  • English (UK)

«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқа да еншілес ұйымдарымен қатар, әлемнің жетекші клиникаларының базасында «Ауруханалық басқару саласында халықаралық стандарттарды енгізу» 031 бюджеттік бағдарламасының құрамдас бөлігі «Емдеу және алдын алу, диагностикалаудың жетекші әдістерін енгізу» бағдарламаларына сәйкес қызметкерлерді оқыту қызметтері атқарылуда.

Осы қырынан білім және инновациялық технологиялар бөлімімен Литва Денсаулық Университеті, Vivantes және Шаритэ (Германия) клиникасы; Университет клиникасы, Грац қаласы (Австрия); Ясон дауыс орталығы (Корея); Республикалық ғылыми – практикалық балалар онкология, гематология және иммунология орталығы. Минск қаласы, Белорусия Karolinska University Laboratories, Stockholm, Sweden; И.П. Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университеті, Ресей және басқаларымен тығыз қызметтестік қалыптасқан.

Аталмыш бағдарлама аясында соңғы жылдары инновациялық диагностикалық және емдеу технологияларын енгізумен тығыз байланысты зертханалық диагностика, сәулелі және радиоизотопты диагностика, отбасылық медицина, урология тақырыптарында 45 орта және дәрігерлік қызметкерлері оқыды. Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында жыл сайын «РДО» АҚ базасында шетелдік мамандар менторлық қызметтер көрсетеді. Оқытудың мұндай түрі қызметкерлердің кәсіби деңгейлерін көтеруге және де әріптестер арасында өзара қарым- қатынаста корпоративтік этиканы қалыптастыруға, нәтижесінде көрсетілетін қызметтер мен жұмыстардың сапасын арттыруға ықпалын тигізеді. «РДО» АҚ соңғы үш жылда алыс және жақын шетелдерден 20 ментор тартылған.

«РДО» акционерлік қоғамы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ының «Болашақ госпиталі» жыл сайынғы іскери форумының белсенді қатысушысы. Сонымен қатар, «РДО» акционерлік қоғамы Қазақстанның аумақтарында өткізілетін «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ – ының күндері акциясының және шығу мастер – кластары, консультациялық – диагностикалық көмек көрсету шараларының белсенді қатысушысы. 2011 жылы Тараз, ШҚО және Атырау қалаларында гематология, гепатология және аллергология саласында 15 мастер – класс өткізілді онда 180 қатысушы 100 – ден астам пациенттерге консультациялық – диагностикалық көмек көрсетілді.

2012 жылы Қазақстан Республикасының 5 аймағында аллергология, эндокринология, гепатология және гематология бағыттары бойынша шығу мастер – кластары ұйымдастырылды. Дәрігерлердің жалпы саны 259 құрады, 212 пациентке консультациялық – диагностикалық көмек көрсетілді.

2013 жылы Павлодар қаласына шығу арқылы Акция өтті. Аталмыш шараға зертханалық медицина орталығының басшысы К.К. Сексембаева және орфандық аурулар және пульмонология, аллергология бөлімінің басшысы Е.Ф. Ковзел қатысты. 15 дәрігердің қатысуымен аллергология жөнінде 3 мастер-класс және зертханалық қызметтерді орталықтандыру бойынша 4 мастер – класс (12 қатысушы) өтті. 25 пациентке консультациялық – диагностикалық көмек көрсетілді. «РДО» АҚ ядролық медицинаның Еуропалық Қауымдастығының, ТМД елдерінің Медициналық диагностикалық қауымдастығының (ДиаМҚ) мүшесі. «РДО» АҚ дәрігерлері республикалық және халықаралық кәсіби ұйымдардың мүшелері.

               nmh           nrcmc           rdrc           rncn           rncnmp           nncc