• Русский (RU)
  • English (UK)

Бiлiм беру қызметi


     «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ының (бұдан әрі – «РДО» АҚ) білім беру қызметі «РДО» АҚ қызметкерлерін жыл сайын Қазақстан Республикасының түрлі оқыту базаларында, алыс және жақын шетелдерде дамудың басым бағыттары бойынша оқытуға және «РДО» АҚ базасында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер үшін біліктіліктерін көтеру курстарын ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.

Қызмет бағыттары:

1. Келесі шараларды атқару арқылы «РДО» АҚ қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби өсулерін қамтамасыз ету:
- «РДО» АҚ қызметкерлерін Қазақстан Республикасының оқыту базаларында, алыс және жақын шетелдерді оқыту;
-«Ауруханалық басқару саласында халықаралық стандарттарды енгізу» 031 бюджеттік бағдарламасының «Ауруханалық басқаруда кадрларды даярлау» құрамдас бөлігін жүзеге асыру шеңберінде «РДО» АҚ қызметкерлерін әлемнің басты медициналық орталықтарында оқыту;
- жетекші шетелдік мамандарды қатыстыра отырып оқыту мастер – кластарын ұйымдастыру және жүргізу;
- шетелдік мамандардың қатысуымен халықаралық конференциялар, және тренингтер, семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
2. «РДО» АҚ базасында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер үшін біліктілік көтеру курстарын ұйымдастыру.
3. Емдеу және диагностикалаудың инновациялық және жаңа әдістерін енгізу.
4. Алыс және жақын шетелдердің жетекші клиникаларымен стартегиялық маңызды бағыттар бойынша өзара тиімді әріптестік байланыстарды дамыту және жақсарту.
       «РДО» АҚ 5 жыл қызмет атқару кезеңінде келесі ілгерінде бағыттар ПЭТ/КТ диагностикалау (проф. М. Plotkin - клиника «Шаритэ», Германия; П. Повинец, Словакия), БФЭКТ - диагностикалау (К. Заводовский – Томск қаласы, Ресей), МРТ/КТ диагностикалау (проф. R.Rienmuller - Университет Грац қаласы, Австрия; проф. Paul Parizel - Университет Антверпен қаласы, Бельгия), аллергология және иммунология (проф. Т. Лусс, Ресей), жұтқыншақ хирургиясындағы жаңа технологиялар (проф. Хим Хен Тэ – Сеул қаласы, Корея), офтальмология (проф. G.Seidal, Австрия), зертханалық микробиологиялық диагностика (проф. Т. Долгих, Ресей) және тағы басқа басым бағыттар бойынша жетекші мамандарды тарту арқылы 20 оқыту мастер – кластары жүргізілді.
Аталмыш шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының әртүрлі аумақтарынан 500 – ден астам дәрігерлері оқытылды.
     Халықаралық қатысумен 2 ғылыми – практикалық конференция өткізілді: «Заманауи зертхана – дәлелдеу және бірегейлендіруге ұмтылу» (2009 жыл) және «Қазақстандағы ядролық медицина – қазіргі жағдайы және даму болашағы» (2010 жыл). 2010 жылы Бельгия корольдығы Филип ханзаданың басшылығымен ресми делегациясын қарсы алу аясында сәулелі диагностика бойынша «Treatment of Cancer: Belgian leading-edge technologies to save lives» тақырыбындағы конференция өтті. «РДО» АҚ – ы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ының «Болашақ госпиталі» жыл сайынғы іскери форумының белсенді қатысушысы. Сонымен қатар, «РДО» АҚ – ы Қазақстанның аумақтарында өткізілетін «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ – ының күндері акциясының және шығу мастер – кластары, консультациялық – диагностикалық көмек көрсету шараларының белсенді қатысушысы. «РДО» АҚ ядролық медицинаның Еуропалық Қауымдастығының, ТМД елдерінің Медициналық диагностикалық қауымдастығының (ДиаМҚ) мүшесі. «РДО» АҚ дәрігерлері республикалық және халықаралық кәсіби ұйымдардың мүшелері.

                                                           Халықаралық ынтымақтастық
   Өзі қызмет ету уақытында Білім және инновациялық технологиялар бөлімі «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ дамуындағы басым бағыттарды дамыту аясында жетекші медициналық орталықтар және клиникалармен әріптестік қарым – қатынас орната білді. Грац қаласындағы (Австрия, Вена қаласы) Университеттік клиникамен, Шаритэ клинкасымен (Германия, Берлин қаласы), Антверпен қаласындағы Литва Денсаулық университеті, Университеттік клиника (Бельгия), «БИОНТ» ПЭТ- Орталығы (Словакия, Братислава қаласы), ФМБА Иммунология Институты МҒО (Ресей, Мәскеу қаласы), РАМН СО кардиология ҒЗИ (Томск), «БЕБИГ» БҰ (Ресей, Мәскеу қаласы), Healthcare Belgium компаниясы, ОмГМА зертхаанлық диагностика Орталығы (Ресей, Омск қаласы) және т.б. клиникалармен белсенді қызметтестік қалыптасқан. «РДО» АҚ және «BIONT Inc.» (Братислава, Словакия), «РДО» АҚ және «Интермедико» (Германия) өзара ынтымақтаса қызмет атқаруға қатысты меморандумдарға қол қойылған.

Нормативтік құқықтық актілер
Ақпарат 

Барлық сұрақтар бойынша «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ының білім және инновациялық технологиялар бөліміне хабарласыңыздар
тел.: 8 (71 72) 70 - 20 - 77
8 (71 72) 50 - 80 - 56
Хаттарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жібере аласыздар.

               nmh           nrcmc           rdrc           rncn           rncnmp           nncc