Халықаралық ынтымақтастық «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ қызметінің негізгі міндеттерін шешудегі ажырамас бөлігі болып табылады: жоғары білікті мамандарды дайындау, халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы медициналық қызметтер көрсету медицина және ғылыми – білім саласында халықаралық үйлесімділікке қол жеткізу.
Аталған қызметтестікті жүзеге асыру Білім және инновациялық технологиялар бөліміне жүктелген.
Негізгі міндеттер:
- халықаралық қызметтестікте басым бағыттарды анықтау;
- «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ келешектегі шетелдік серіктестермен халықаралық байланыстарын жобалау;
- денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласында, халықаралық қызметтестік аясында байланыс жасау үшін серіктестіктерді іздеу және таңдау жұмыстары, ұйымдастыру – ақпараттық қызметін қолдау, қызметкерлердің халықаралық қызметтегі келіссөздерін жүргізу, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ халықаралық қызметтестіктеріне мониторинг жүргізу, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ының Халықаралық Қауымдастықтарға енуі және т.б.
Қорытындылар:
1. Әртүрлі мақсаттармен, соның ішінде таныстыру және байланыстарды реттеу, тәжірбие алмасу, Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарына емдеу – диагностикалық қызметтерді ұсынуға қатысты, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ қызмет атқару уақытында Еуропа елдерінің дипломатиялық уәкілдері (Германия, Нидерландия, Франция, Бельгия, Швейцария, Еуропалық комиссия, Австрия, Италия, Словакия, Чехия), Корея, Жапония, халықаралық корей KOIKA агенттігінің, халықаралық JICA жапон агенттігінің, АҚШ, Ресей, Литва, Латвия, Эстония және т.б. елдердің өкілдері келушілер қатарында.
2. «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ қызметкерлері халықаралық атом бойынша агенттікттің қызметінің ықпалымен білім беру гранттарын ұтып алды, бұл ядролық медицина орталығының қызметкерлеріне ядролық медицина саласында өз білімдерін шыңдап, оқуларына мүмкіндік берді.
3. «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ бірнеше рет ШОС мүшелері – Мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктерінің алғашқы отырысы аясындағы денсаулық сақтау министрліктерінің Ислам конференциясына қатысты. «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ – ында маңызды халықаралық қатысуды ұйымдастыруда оқыту мастер – кластарын, конференцияларды өткізуге жетекші шетелдік мамандарды қатыстыру болып отыр; «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ базасында менторлық (жетекшілік ету) бағдарламасын жүзеге асыру; мамандарды шетелдердің жетекші медициналық орталықтарына және клиникаларына оқуға бағыттау. «РДО» АҚ 5 жыл қызмет атқару кезеңінде келесі ілгерінде бағыттар ПЭТ/КТ диагностикалау (проф. М. Plotkin - клиника «Шаритэ», Германия; П. Повинец, Словакия), БФЭКТ - диагностикалау (К. Заводовский – Томск қаласы, Ресей), МРТ/КТ диагностикалау (проф. R.Rienmuller - Университет Грац қаласы, Австрия; проф. Paul Parizel - Университет Антверпен қаласы, Бельгия), аллергология және иммунология (проф. Т. Лусс, Ресей), жұтқыншақ хирургиясындағы жаңа технологиялар (проф. Хим Хен Тэ – Сеул қаласы, Корея), офтальмология (проф. G.Seidal, Австрия), зертханалық микробиологиялық диагностика (проф. Т. Долгих, Ресей) және тағы басқа басым бағыттар бойынша жетекші мамандарды тарту арқылы 20 оқыту мастер – кластары жүргізілді.
5. Өзі қызмет ету уақытында Білім және инновациялық технологиялар бөлімі «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ дамуындағы басым бағыттарды дамыту аясында жетекші медициналық орталықтар және клиникалармен әріптестік қарым – қатынас орната білді.
1. Университеттік клиника Грац қаласы (Вена қаласы, Австрия),
2. Шаритэ Университеттік клиникасы (Берлин қаласы, Германия),
3. Литва Денсаулық университеті,
4. Университеттік клиника Антверпен қаласы (Бельгия),
5. «БИОНТ» ПЭТ-Орталығы (Братислава қаласы, Словакия),
6. Дауыс орталығы (Сеул қаласы, Корея),
7. МҒО Иммунология орталығы ФМБА (Мәскеу қаласы, Ресей),
8. ТМО Кардиология ҒЗО ТНЦ СО РАМН (Томск),
9. Иммунофизиология орталығы РАМН (Мәскеу қаласы, Ресей),
10. ОО «БЕБИГ» (Мәскеу қаласы, Ресей),
11.Healthcare Belgium компаниясы ,
12. Әулие Елизавета атындағы онкологиялық орталық (Братислава қаласы, Словакия),
13. ОмГМА зертханалық диагностика орталығы (Омск қаласы, Ресей)
14. IBA компаниясы (Бельгия)
15. Сунчонхяндэ университеттік клиникасы (Корея)
Қызметтестік туралы меморандумдар