Орталық акционерлік қоғам мәртебесіне ие (бұдан әрі – Қоғам)
Ұйымдастыру құрылымы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық бағыттарына сәйкес, атап айтқанда денсаулық сақтау жүйесін тиімді басқаруды арттырумен белгіленді және медициналық, операциялық және қаржы қызметін анық ажырататын жаңа корпоративтік басқару жүйесімен көрсетілген. Мұндай тәсіл шешім қабылдауда алқалық пен айқындықты қамтамасыз етеді.
Корпоративтік басқару жүйесінің маңызды элементі Қоғамның директорлар Кеңесі болып табылады, ол Қоғамның даму Стратегиясын бекітеді және жүзеге асырылуын бақылайды, Жалғыз акционердің құқығын қорғауды жүзеге асырады, корпоративтік дауларды шешуге көмектеседі, сондай-ақ атқарушы органның – Басқарманың тиімді қызметін қамтамасыз етеді.
Басқарма Қоғамның алқалық атқарушы органы болып табылады және оның ағымдағы қызметіне басшылық етеді, Қоғамның және Жалғыз акционердің мүддесіне қызмет атқарады және оның соңғысына Қоғамның директорлар Кеңесіне есеп береді.
Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ Жарғысына сәйкес Қоғамның басқару органы болып табылады.
Қоғамның Жалғыз акционері «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ директорлар Кеңесі атынан «Назарбаев Универститеті» ДББҰ болып табылады.